A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасында 2019 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының әлеуетті өнім берушілерінің конкурстық құжаттамасын қарау қорытындысы бойынша семинар-кеңесі өтті

2019 жылғы 8 сәуiрде Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасының бас маман — заңгерi ұйымдастырушысы Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы болған, 2019 жылғы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жобаларының әлеуеттi өнiм берушiлерiнiң конкурстық құжаттамасын қарау қорытындысы бойынша семинар-кеңеске қатысты.

Семинар-кеңеске Ақмола облысы iшкi саясат басқармасының, «Ақмола облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментi» РММ-нiң, «SARA» қоғамдық қорының және үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысты.

Iс-шарада мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыспен қарастырылған мемлекеттiк сатып алуға үкiметтiк емес ұйымдардың қатысу бойынша ұсыныстары және ұйымдастыру мәселелерi қарастырылды.

Семинар-кеңестiң қорытындысы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыспен қарастырылған мемлекеттiк сатып алуға қатысу кезiнде әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданыстағы заңнама нормаларын ескере отырып әзiрленген сатып алынатын қызметтерге қойылатын талаптарды нақты орындау қажеттiлiгi туралы ұсынымдар қабылданды.

Алдағы уақытта осындай iс-шараларды өткiзу мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыспен қарастырылған мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн өтiнiмдер беру кезiнде әлеуеттi өнiм берушiлер жiберетiн техникалық қателердi азайтуға ықпал ететiнi атап өтiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 09.04.2019
Қаралым саны: 506

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 114Б

8 (7162) 25-74-45

ugzk@akmo.kz