A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Мемлекеттік істер жөніндегі органдардың 20 жылдығына орай кездесу өтті

2018 жылдың 18 мамырында Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң ұйымдастыруымен мемлекеттiк iстер жөнiндегi органдардың 20 жылдығына орай мемлекеттiк қызмет ардагерлерi менжас мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қатысуымен кездесу-диалог өттi.Мемлекеттiк қызмет ардагерлерi Трищ Павел Станиславович, Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы, Тарада Тамара Николаевна қалай мемлекеттiк қызметке келгендерi, сол кездегi мемлекеттiк қызметтi өту барысындағы ерекшелiктер жайында баяндап бердi. Содан кейiн ардагерлер әртүрлi мемлекеттiк органдардағы жұмыстарының тәжiрибелерiмен бөлiстi. Сонымен қатар, қатысушылар мемлекеттiк қызмет туралы пiкiр бөлiстi. Кездесу соңында мемлекеттiк қызмет ардагерлерi мемлекеттiк аппараттың жас мамандарына адал болуды, адал ниетпен Елбасының тапсырмаларын орындап, өз халқына лайықты түрде қызмет етуге тiлек бiлдiрдi.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018
Қаралым саны: 314

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтпаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz