A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Басқарманың қызметкерлерi Ақмола облысының Кәсiпкерлер палатасының кәсiпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi кеңестiң отырысына қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттiк сатып алу саласындағы кәсiпкерлiк қызметтегi лауазымды тұлғалардың заңнаманы бұзу салдары туралы мәселе қаралды. Кәсiпкерлер палатасы лауазымды тұлғалардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы заңнама нормаларын бұзуына қатысты өтiнiштерiнiң түсуi жалғастырылуда екенi айтылды. Отырыста «СабДин tour» ЖШС-нiң өтiнiштерiн қарау нәтижелерi бойынша жасалған түсiндiрме жазба талқыланды.

Осы өтiнiш бойынша Кеңес мүшелерi мемлекеттiк органдарға мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруда техникалық ерекшелiктердi әзiрлеу бойынша, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2 тармағы 2) тармақшасындағы талаптарды ескере отырып, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қойылатын талаптарды неғұрлым нақтырақ жазу ұсыныстары қабылданды. Сондай-ақ, Кеңес мүшелерi өтiнiш бiлдiрген кәсiпкердiң мүдделерiн қорғау үшiн сот отырысында Кәсiпкерлер палатасының өкiлдерiнiң қатысуын қамтамасыз ету қажеттiлiгi туралы ұсыныс қабылдады.

 

Мақаланың шыққан күні: 29.05.2018
Қаралым саны: 495

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz