A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
2019 жылы 9 қыркүйекте Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасында облыстық iшкi саясат, денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, мұрағат және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармалары өкiлдерiнiң қатысуымен жаңа Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, олардың iске асырылуын мониторингiлеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөнiндегi есептердi әзiрлеу және ұсыну қағидаларын түсiндiру бойынша жиналыс өткiзiлдi

2019 жылы 9 қыркүйекте Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасында облыстық iшкi саясат, денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, мұрағат және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармалары өкiлдерiнiң қатысуымен жаңа Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, олардың iске асырылуын мониторингiлеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөнiндегi есептердi әзiрлеу және ұсыну қағидаларын түсiндiру бойынша жиналыс өткiзiлдi.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, олардың iске асырылуын мониторингiлеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөнiндегi есептердi әзiрлеу және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң 2019 жылғы 14 ақпандағы №14 бұйрығы күшiне ендi, осыған сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға осы бұйрық қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде осы Қағидаларға 1-25-қосымшалардағы нысандарға, көрсеткiштер мен құрылымға сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың қолданыстағы бесжылдық даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөнiндегi есептерiн мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне енгiзудi қамтамасыз ету ұсынылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. «Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң және Мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептердi әзiрлеу және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 248 және "Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ олардың iске асырылуын мониторингiлеу және бағалау қағидаларын бекiту туралы "2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрықтары жоғарыда аталған бұйрықпен күшiн жойды.

Мақаланың шыққан күні: 25.09.2019 15:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2019 15:26
Қаралым саны: 163

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 114Б

8 (7162) 25-74-45

ugzk@akmo.kz