A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
«Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Бекiтемiн
«Ақмола облысының
мемлекеттiк сатып алу және
коммуналдық меншiк
басқармасы» ММ басшысы
__________________ Н. Бекенов
«____» ___________ 2018 жыл

«Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзiрлендi және сыбайлас жемқорлықты алдын алу және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне мүлдем арттыру ұсынымдар жүйесiн бiлдiредi.

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы ретiнде және облыстық коммуналдық мүлiктi басқару.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы: «Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс iстейтiн адамдар iс-әрекет қағидалары:

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде:

- Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатына ұстанған болу және дәйектi түрде оны жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес заңдылық принципiн басшылыққа алу;

- қоғам мен мемлекет игiлiгi үшiн қызмет ету, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайту;

- мемлекеттiк қызметiнiң беделiн түсiретiн iс-әрекеттерге жол бермеу;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету;

- басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметтерiне заңсыз араласуды жүзеге асырмау;

- нормативтiк құқықтық актiлерiнде сәйкес келмеген белгiленген және әртүрлi оқу жағдайларда, осы нормативтiк құқықтық акт әзiрлеген тиiстi уәкiлеттi органның дереу назарына жеткiзу;

- мiндеттердi атқару кезiнде лауазымдық өкiлеттiгiн қозғайтын мәлiметтердi, жеке өмiр, ар-намысы мен азаматтардың, олардан мұндай ақпарат берудi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауды етпеуге;

- қарама-қайшылығы туындаған мүдделерге жол бермеу бойынша шаралар қабылдау.

3.2. өз құзыретi шеңберiнде басқарушылық және өзге шешiмдердi даярлау және қабылдау кезiнде:

- кадрларды туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеуге мен орналастыруға жол бермеу, меритократия принциптердi сақталуын қамтамасыз ету;

- мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда уақтылы, оларды жою бойынша заңнамасына сәйкес мiндеттi жан-жақты шаралар қабылдау;

- бағынысты қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк өкiлеттiктерiнiң көлемiн дәл айқындау;

- басқарушылық және өзге де шешiмдердi қабылдау кезiнде сұрақтарды объективтi, шешiмдердi қабылдауға тек ғана заңнамасына сәйкес қарау;

- қызметiнiң нәтижелерiн бағалау кезiнде әдiлдiк және объективтiлiк, сондай-ақ көтермелеу және жаза шараларын қолдануды таныту;

- анық орындай алмайтын немесе қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс шығатын өкiмдер, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетiн жағдайларға жол бермеу;

- бағынысты және басқа да қызметкерлерi тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактiлерiне жол бермеу және жолын кесу;

- бағынысты және өзге де қызметкерлерiмен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептерi мен талаптарды жою;

- еңбек тәртiбiн мүлтiксiз сақтау, берiлген өкiлеттiктерге сәйкес тиiмдi билiк ету;

- өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл және сапалы атқару.

3.3. нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын даярлау кезiнде:

- Қазақстан Республикасының Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтау;

- қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамаға сәйкес қабылдаған кезде құқықтық және нормативтiк құқықтық актiлердiң дискрециялық нормаларын аулақ болу, қолданыстағы заңнамада олқылықтар мен қарама-қайшылықтарды жеке және (немесе) ұжымдық мүдделерi пайдалану;

- нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлегенде мiндеттi түрде жұртшылықмен талқылау, егер олардың мазмұны азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi қозғайтын болған жағдайда;

- нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау кезiнде қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тiкелей құзыретi болуымен басшылыққа алу;

- өзiне немесе үшiншi тұлғаларға пайда табу мақсатында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi жол бермеуге.

3.4. тiршiлiк әрекетi саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде:

- этикалық нормаларды және қызметшiлерiнiң мiнез-құлқының ережелерiн сақтау, қоғамға жат мiнез-құлық жол бермеу;

- өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалану;

- материалдық-техникалық құралдарын және өзге де қамтамасыз ету, басқа да мемлекеттiк мүлiктi тек лауазымдық мiндеттерiн атқарумен байланысты пайдалану.

Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

- кәсiпкерлiк қызметтi, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметтi жүзеге асыру;

- жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық мiндеттерiн атқаруға байланысты сыйақы алуға (сыйлықтар, ақшалай сыйақы, қызметтер, төлеуге, ойын-сауық, демалыс, көлiк шығыстарын және өзге де сыйақылар);

- жеке мүлiктiк және мүлiктiк пайдалар алу үшiн өз лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен мүмкiндiктердi пайдалануға;

- мемлекеттiк қызметшiнiң мәртебесi мен соған негiзделген беделiн, қызметтiк өкiлеттiгiн және ақпарат жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға.

Бұйрық (PDF 226 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2018 11:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2018 11:12
Қаралым саны: 403

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтпаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz