A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Өмiрбаян

  

Венера Төлебекқызы Қазжанова

Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу
және коммуналдық меншiк басқармасы
басшысының орынбасары

 

1971 жылы 6 қазанда Көкшетау облысында туған. Екi жоғары бiлiмi бар, 1993 жылы Жамбыл жеңiл және тамақ өнеркәсiбi технологиялық институтының Алматы филиалын, инженер-технолог мамандығы, 2005 жылы Қарағанды "Фемида" заңгер академиясын, заңгер мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған және 2007 жылға дейiн жеке меншiк ұйымдарда жұмыс iстедi. 2007 жылдан 2010 жылға дейiн жергiлiктi атқарушы органдарында әртүрлi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң лауазымдарында жұмыс iстедi. 2010 жылдан 2012 жылға дейiн — Ақмола облысы әкiмi аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлар жұмыстары бөлiмiнiң бас маман-инспекторы, кадрлар жұмыстары бөлiмiнiң бас маманы. 2012 жылдан 2017 жылға дейiн — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау комитетiнiң Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау Инспекциясының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Iшкi мемлекеттiк аудит Комитетiнiң Ақмола облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментiнiң кадр және ұйымдастыру жұмыстары бөлiмiнiң басшысы.

2017 жылы қыркүйек айында Ақмола облысының мемлекеттiк саты алу және коммуналдық меншiк басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алғысымен атап өтiлген.

 

 

Гүлзия Ахмадиқызы Құдабаева

Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу
және коммуналдық меншiк басқармасы
басшысының орынбасары

  

1962 жылы 14 қазанда Қарағанды қаласында туған. Екi жоғары бiлiм бар, 1984 жылы Қарағанды мемлекеттiк университетi, экономист мамандығы бойынша, 2013 жылы А. Мырзахметов атындағы университетын, экономикалық ғылымдарының магистрi болып бiтiрген.

Еңбек жолын 1984 жылы Кокшетау қалалық қаржы бөлiмi мемлекеттiк кiрiстер бөлiмiнiң экономист болып бастады. 1986 жылдан бастап 2002 жылға дейiн Кокшетау қалалық қаржы бөлiмiнiң аға экономист, бас маман, халық шаруашылығын қаржыландыру бөлiмiнiң бастығы, халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi iс- шараларды қаржыландыру бөлiмiнiң бастығы, болжау, талдау, түсiмдер, кiрiстер және материалдық өндiрiс салаларын қаржыландыру бөлiмiнiң бас маманы. 2002 жылдан 2009 жылға дейiн — Көкшетау қалалық қаржы бөлiмi мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң бастығы, Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi коммуналдық меншiк және мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң бастығы, коммуналдық меншiк секторының меңгерушiсi. 2009 жылдан 2014 жылға дейiн — Ақмола облысы қаржы басқармасының мемлекет қатысатын мемлекеттiк заңды тұлғалардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға мониторинг және әдiснама қызметi бөлiмiнiң бастығы, мемлекеттiк кәсiпорындармен және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жұмыс жөнiндегi бөлiмiнiң басшысы. 2014 жылы Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң басшысы. 2015 жылдан бастап 2016 жылға дейiн Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары. 2016 жылдан бастап 2017 жылдың маусымына дейiн - Ақмола облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

2017 жылдың маусым айынан Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалған.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медальдармен наградталған.

Мақаланың шыққан күні: 13.09.2017 15:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 11:01
Қаралым саны: 2169

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтпаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz