A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының 2018 жылы мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметі туралы ақпарат

Ақмола облысы мемлекеттiк секторының тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында қалыптастырылған "2018 жылы өткiзiлген тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы есеп" 1-нысанының деректерiне сәйкес 2018 жылы бюджеттен шамамен 132,4 млрд.теңге бөлiндi. Сатып алудың жалпы көлемi 120,9 млрд.теңгенi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi жеткiзушiлерден 120,8 млрд. теңге құрады.

120,9 млрд. теңгеге 274 339 сатып алу өткiзiлдi, оның iшiнде:

1) бiр көзден алу тәсiлiмен — 226 725 сатып алу 86,6 млрд. теңгеге оның iшiнде:

– тiкелей шарт жасасу арқылы — 63,2 млрд. теңгеге 206 983;

– өткiзiлмеген сатып алулар бойынша — 23,4 млрд. теңгеге 19 742;

2) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен — 7,4 млрд. теңгеге 44 053;

3) конкурс тәсiлiмен — 24,3 млрд. теңгеге 3 363, оның iшiнде ашық конкурс — 23,9 млрд. теңгеге 3 343, тұрғын үй сатып алу — 344,5 млн. теңгеге 13, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс — 44,1 млн. теңгеге 7;

4) тауар биржалары арқылы — 1,9 млрд. теңгеге 151;

5) аукцион тәсiлiмен — 694 млн.теңгеге 47.

Өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша шартты үнем шамамен 11,5 млрд. теңгенi немесе 8,7% құрады, оның iшiнде:

1) конкурс тәсiлiмен — 4,6 млрд. теңге немесе 16%;

2) бiр көзден алу тәсiлiмен 3,6 млрд. теңге немесе 4%, оның iшiнде:

- тiкелей шарт жасасу арқылы — 1,9 млрд. теңге немесе 2,9%;

- өткiзiлмеген сатып алулар бойынша — 1,7 млрд. теңге немесе 7,2%;

3) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен — 3,1 млрд. теңге немесе 29,6%;

4) аукцион тәсiлiмен — 149,3 млн. теңге немесе 21,5%;

5) тауар биржалары арқылы — 26,9 млн.теңге немесе 1,4%.

Мемлекеттiк сатып алу веб-порталының мәлiметтерiне сәйкес облыстың мемлекеттiк секторын сатып алуда 12,6 мыңнан астам өнiм берушi жеңiмпаз атанды, оның iшiнде Қазақстан — 99,95%, Ресей Федерациясы және басқа шет елдер — 0,05%;

Облыс әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 17 шiлдедегi № А-7/309 қаулысымен бекiтiлген Ақмола облысында бизнестi жүргiзу және бұқаралық, оның iшiнде отбасылық кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайларды жақсарту жөнiндегi 2017-2019 жылдарға арналған егжей– тегжейлi жоспардың 20 тармағына сәйкес мемлекеттiк секторды сатып алудағы "жергiлiктi қамту үлесi" көрсеткiшiнiң өсуiн қамтамасыз ету қажет: 2017 ж. — 2% — ға, 2018 ж. — 2% — ға, 2019 ж. — 2% — ға.

2018 жылы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң есептiк деректерiнiң "жергiлiктi қамту үлесi" көрсеткiшiне жүргiзiлген талдау қорытындысы бойынша жүргiзiлген сатып алудың жалпы көлемiнен 120,9 млрд. теңге орындалған шарттардың сомасы 106,9 млрд. теңгенi құрады, оның iшiнде жергiлiктi қамту үлесi (бұдан әрi — ЖҚ) 93,1 млрд. теңге немесе 87%, оның iшiнде:

- 24,5 млрд. теңгеге тауар, оның iшiнде ЖҚ үлесi 15,4 млрд. теңге немесе 62%;

- жұмыстар 47,6 млрд. теңгеге, оның iшiнде ЖҚ үлесi 46,8 млрд. теңге немесе 98%;

- 34,7 млрд. теңгеге қызмет көрсету, оның iшiнде ЖҚ үлесi 30,9 млрд.теңге немесе 89%.

2017 жылдың мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша орындалған шарттардың сомасы 64,6 млрд.теңгенi құрады, оның iшiнде жергiлiктi қамту үлесi 54,9 млрд. теңге немесе 85%, оның iшiнде тауарлар 7,6 млрд. теңге немесе 46%; жұмыстар 18,1 млрд. теңге немесе 96%; қызмет көрсету 29,1 млрд. теңге немесе 100% құрады.

Жүргiзiлген талдау көрсеткендей, 2018 жылы "жергiлiктi қамту үлесi" көрсеткiшiнiң 2017 жылмен салыстырғанда 2% — ға өсуiне қол жеткiзiлдi.

Облыс әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 23 мамырдағы хаттамалық шешiмiне сәйкес және ҚР Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 26-тармағы негiзiнде, 2018 жылғы маусым мен тамыз айлары аралығында 3 аудандық құрылыс бөлiмдерi жiберген өтiнiмдер негiзiнде Басқарма жалпы сомасы 3,3 млрд. теңгеге 7 ашық конкурс өткiздi, оның iшiнде:

Шортанды ауданы — 4 конкурс: Шортанды ауданы Шортанды к. ЖТҚ жаңа құрылысы учаскелерiне инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым салу. 1. Сумен жабдықтау желiлерi 718,9 млн. теңгеге; Шортанды ауданы Шортанды к. ЖТҚ жаңа құрылысы учаскелерiне инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым салу. 2. Электрмен жабдықтау желiлерi 472 млн. теңгеге; Шортанды ауданы Төңкерiс ауылындағы сумен жабдықтаудың таратушы желiлерiн қайта жаңарту 849,2 млн. теңгеге; 140 орындық балабақша салу. Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы 590,1 млн. теңгеге (сатып алудан бас тарту жүзеге асырылды);

Жарқайың ауданы — 2 конкурс: Жарқайың ауданы Бiрсуат ауылының жер асты көздерiнен сумен жабдықтау жүйесiн қайта жаңарту 309,6 млн. теңгеге; Жарқайың ауданы Державинск қаласының Молодежный шағын ауданындағы 75 пәтерлi тұрғын үйдi қайта жаңарту (6 позиция) 249,6 млн. теңгеге;

Ақкөл ауданы — 1 конкурс: Ақкөл ауданы Урюпинка селосында жылу желiлерi бар қазандықтың құрылысы 124,4 млн.теңгеге өткiзiлдi.

6 сатып алу бойынша өткiзiлген ашық конкурстардың қорытындысы бойынша тапсырыс берушiлер жалпы сомасы 2,56 млрд.теңгеге, 2018-2019 жылдарға орындау мерзiмiмен келiсiм-шарттар жасады, 1 сатып алу бойынша тапсырыс берушi сатып алудан бас тартты.

Облыстық, аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiмен ұсынылған деректер бойынша 2018 жылға 10 млн. теңгеден асатын құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу және iрi сатып алу объектiлерi 21,2 млрд. теңгеге 293 конкурс өткiзу жоспарланған және жарияланған (жобалардың жалпы құны 76,9 млрд. теңге), оның iшiнде:

– облыстық әкiмшiлермен 4,9 млрд. теңгеге 79 конкурс (жобалардың жалпы құны — 19,2 млрд. теңге);

– аудандық (қалалық) әкiмшiлермен 16,2 млрд.теңгеге 214 конкурс (жобалардың жалпы құны 57,6 млрд. теңге).

Жарияланған 293 конкурстың iшiнен 276 конкурс 59,3 млрд.теңге сомасына аяқталды, 9,9 млрд. теңгеге 17 конкурс 2019 жылға ауысады.

Мақаланың шыққан күні: 18.01.2019 16:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2019 16:01
Қаралым саны: 432

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 114Б

8 (7162) 25-74-45

ugzk@akmo.kz