A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
2019 жылдың 1 жартыжылдығына Ақмола облысының коммуналдық меншік бойынша ақпарат

Жекешелендiру жүргiзу мақсатында 2019 жылы сауда-саттықта сату үшiн пайдаланылмайтын объектiлердiң тiзбесi бекiтiлдi (51 автокөлiк). Қазiргi уақытта мүлiктi бағалау және сауда-саттық туралы хабарландыруларды жариялау бойынша мерзiмдi баспасөз басылымын анықтау бойынша iс-шаралар жүргiзiлуде.

1 жартыжылдықта мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалға берудiң 135 шарты жасалды. Сонымен қатар, мүлiктi мемлекеттiк заңды тұлғаларға өтеусiз пайдалануға беру бойынша 77 бұйрық бекiтiлдi.

2019 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша облыста 310 МКК, ЖШС, АҚ және 810 КММ, оның iшiнде облыстық МКК — 56, ЖШС-2, АҚ-1, КММ-135 жұмыс iстейдi. Алдын ала деректер бойынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 28 облыстық мемлекеттiк кәсiпорын пайда алып, таза табыстың бiр бөлiгiн облыстық бюджетке уақытылы аударды.

Басқармамен облыстық мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген негiзгi құралдарды қабылдау, беру және шығару бойынша iс-шаралар жүргiзiледi. Есептi кезеңде басқармамен МКК мен ЖШС табысының бiр бөлiгiн аудару нормативтерiн белгiлеу туралы қаулы, мүлiктi беру бойынша 28 қаулы жасалды. Бұдан басқа облыс әкiмшiлерiмен әзiрленген 63 НҚА қаралып келiсiлдi. 6 ай iшiнде мүлiктi есептен шығару бойынша облыстық басқармалардың 48 өтiнiшi қаралып келiсiлдi; 308 мүлiктi қабылдау-тапсыру актiсi қаралып бекiтiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 10.07.2019 09:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.07.2019 09:13
Қаралым саны: 68

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 114Б

8 (7162) 25-74-45

ugzk@akmo.kz