A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Коммуналдық меншік туралы 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ақпарат

Ағымдағы жылдың екi айында сомасы 73,5 млн. теңгеге 130 мүлiктiк жалдаудың (4,7 мың ш.м. жалға берiлдi) шарттары жасалды. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдайы бойынша облыстық бюджетке 9,2 млн. теңге түстi.

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдайы бойынша облыста 328 квазимемлекеттiк сектор субъектiсi жұмыс iстейдi.

Тұрақты түрде 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендiрудiң кешендi жоспарының жүзеге асырылуна мониторинг жүргiзiледi және оның қорытындысы бойынша есеп апта сайын Қазақстан Республикасын Қаржы министрлiгiне жiберiледi (Жекешелендiру тiзбесiне енгiзiлген 15 объектiнiң iшiнен 3 объект сатылды («Степногорск-Тазалык», «Тазалык» МКК, «Бурабай таңы» ЖШС (49%). Қалған объектiлер бойынша тарату туралы қаулылар қабылданды. Қазiргi уақытта олар бойынша тарату рәсiмдерi жүргiзiлуде.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлiгiмен 2016 жылдың қазан айында өткiзген түгендеу нәтижесi бойынша 28 ұйымды қайта құру, тарату және бәсекелi ортаға беру жолымен оңтайландыру ұсынылды. Оның iшiнде 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 24 ұйым таратылды (с.i. 9- таратылды, 5 — ММ қайта құрылды, 8- басқа мемлекеттiк кәсiпорынға бiрiктiрiлдi, 2 — МЖӘ аясында бәсекелi ортаға берiлдi). Қалған объектiлер бойынша оңтайландыру рәсiмi жүргiзiлiп жатыр. Түгендеу бойынша ақпарат айсайын ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрлiктерiне жiберiлiп отыр.

Ағымдағы жылдың екi айында басқармамен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң коммуналдық және республикалық мемлекеттiк меншiк арасында, облыстық және аудандық деңгей арасында мүлiктi беру туралы 17 қаулысының жобасы әзiрлендi, сонымен қатар мүлiктi беру туралы 19 нормативтi құқықтiк актiлер қарастырылып, келiсiлдi. Одан басқа мүлiктi есептен шығару бойынша облыстық бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерiнен 12 өтiнiш қарастырылып, келiсiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 13.03.2018 17:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.03.2018 10:26
Қаралым саны: 773

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтпаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz