A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
ЖӨБ мүлкін қалай басқару - Акмолинская правда газеті 2018 жыл 8 желтоқсан № 144

Ұлт жоспары — 100 нақты қадам

ЖӨБ мүлкiн қалай басқару

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институциалды реформасын жүзеге асыру шеңберiнде 2018 жылдың 1 қаңтарынан адам саны 2 мыңнан асатын ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала деңгейлерiне жергiлiктi басқаруға өзiндiк бюджетi енгiзiлдi. Осыған орай бiрқатар заңнамалық актiлерге, оның iшiнде «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

Осы жылдың басынан адам саны 2 мыңнан асатын ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қалаларда Заңмен белгiленген құзыретке сәйкес, коммуналдық мүлiктi жергiлiктi өзiн-өзi басқаратын ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қалалардың әкiмi аппараты iске асырады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың тиiмдiлiгi тек қана өзiн-өзi басқаруға қажеттi құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздердi қамтамасыз ететiн заңдарға байланысты емес, сонымен бiрге, жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiнде тұрғындардың өз құқығы мен мүмкiндiктерiн түсiнуi, жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды iске асыратын шынайы қабiлетiнiң болуы. Осыған орай, өзiндiк бюджеттi енгiзу және ЖӨБ коммуналдық мүлкiн басқару сұрақтары бойынша облыста ауылдық округ әкiмдерi мен жергiлiктi әкiмдiктер қызметкерлерiн оқыту үшiн тұрақты түрде семинарлар мен форумдар өткiзiледi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару мүлкiнiң құрамына берiлетiн аудандық коммуналдық мүлкiнiң Типтiк тiзiмiне (ҚРТБ 24.02.2014ж. № 148), 2017 жылдың қарашасында өзгерiс енгiзiлдi (25.11.2017 жылғы № 776). Сонымен, ЖӨБ коммуналдық мүлкiнiң құрамына берiледi:

1. Мектепке дейiнгi бiлiм беру (балабақшалар) және мәдени-демалыс қызметтерi (мәдениет үйлерi) саласында қызмет атқаратын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлiктiк кешендерi.

2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiктер.

3. Көпшiлiк пайдаланатын нысандар және басқа да мүлiктер (автомобиль жолдары, елдi-мекен көшелерi, демалыс саябақтары, шағын бақтар, ескерткiштер).

Мемлекеттiк мүлiктi тапсыру келесiдей тәртiпте iске асырылады: аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкi, ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша, ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала әкiмi аппаратының өтiнiш жасауы (жергiлiктi қауымдастық жиналысының келiсiмi бойынша) негiзiнде, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлiк деңгейiнде берiледi. Өзiн-өзi басқаратын коммуналдық заңды тұлғалар мүлкi аудандық коммуналдық мүлкiне ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала әкiмi аппаратының (жергiлiктi қауымдастық жиналысының келiсiмi бойынша) және ауданның жергiлiктi атқарушы органы (облыстық маңызы бар қала)шешiмi негiзiнде берiледi. Шешiм қабылданған соң 30 күн iшiнде тапсыру актiсi толтырылады, оны ауданның жергiлiктi атқарушы органы мен ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала әкiмi аппаратының басшылары бекiтедi.

Егер ЖӨБ коммуналдық мүлкiне жылжымайтын мүлiк берiлсе, онда ҚР заңнамасына сәйкес, балансты ұстаушы алты айдан кешiктiрмей әдiлет органдарына мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш жазуға мiндеттi.

Аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынды жергiлiктi өзiн-өзi басқару коммуналдық меншiгiнiң құрамына тапсыру кезiнде орындау қажет:

1)кәсiпорынды әдiлет органына қайта тiркеу;

2)жарғыны әзiрлеу және бекiту. Мемлекеттiк мекеме мен мемлекеттiк кәсiпорынның типтiк жарғысы (ережесi) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2017 жылғы 28 қыркүйектегi № 1202 Бұйрығымен бекiтiлген.

Ауылдық округ әкiмi аппаратының құзыретiне мүлiктi жалға беру және сенiмдi басқару кiредi. Мемлекеттiк мүлiктi жалға беру Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 17.03.2015 жылғы № 212 бұйрығымен бекiтiлген Ережелерге сәйкес iске асырылады. Мүлiктi жалға беру рәсiмi мемлекеттiк мүлiк Тiзiлiмiнде электрондық түрде өткiзiледi. Жалға беру ақысы Ережеде бекiтiлген коэфициентке сәйкес есептеледi.

Жалға беруге жататын пайдаланылмаған және артық мүлiк бар болса, баланс ұстаушы ауылдық округ әкiмi аппаратына нысан туралы ақпарат ұсынады, ол мем.мүлiк Тiзiлiмiне орналастырылады.

Егер жалға берiлетiн жайдың ауданы 100 ш.м. аз болған жағдайда, жалға алушы, яғни жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға жалға алуға өтiнiм жолдайды, ол 15 күнтiзбелiк күн iшiнде веб-портал арқылы қаралады, 15-күнi портал автоматты түрде хабарлама толтырады, соның негiзiнде әкiмнiң аппараты жалға алушымен мүлiктi жалға алу шартына отырады.

Егер жалға берiлетiн жайдың ауданы 100 ш.м. асып кетсе, немесе бiр нысанға екi не болмаса бiрнеше өтiнiм берiлген жағдайда, жалға беру тендер өткiзу арқылы iске асырылады. Тендерге дайындық және өткiзу кезiнде әкiм аппараты тендер құжаттарын дайындайды және тендерлiк комиссия құрады. Тендер нәтижесi туралы хаттаманы портал құрады. Нысан үшiн ең жоғары баға берген қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Сенiмдi басқаруға беру Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 Бұйрығымен бекiтiлген Ереже негiзiнде өткiзiледi. Сенiмдi басқару құрылтайшысы ауылдық округ әкiмiнiң аппараты болып табылады. Нысанды сенiмдi басқаруға беру туралы шешiмдi құрылтайшы шығарады. Нысан туралы мәлiметтi әкiмнiң аппараты мемлекеттiк мүлiк Тiзiлiмiне енгiзедi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару қаражаты есебiнен сатып алынған мүлiктi сатып алу құқығымен сенiмдi басқаруға берген жағдайда, шешiмi мiндеттi түрде жергiлiктi қауымдастық жиналысымен келiсiледi.

Нысанды сенiмдi басқаруға беру тендер негiзiнде iске асырылады, тек Ережеде (5т.) қарастырылған жағдайдан бөлек. Сондай-ақ, ауылдық округ әкiмi аппаратының құзыретiне мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк заңды тұлғаларға ақысыз пайдалануға беру туралы шешiм қабылдау кiредi.

Беру (коммуналдық қызметтi төлеу, күрделi, ағымдық жөндеу және т.б. iске асыру) ұстау шығындарын үлестiк өтеу жағдайында ақысыз пайдалану шарты негiзiнде iске асырылады. Бұл ретте, берiлетiн мүлiк ҚР Қаржы министрiнiң 17.03.2015 жылғы № 179 бұйрығымен бекiтiлген, мемлекеттiк органдар аппаратын орналастыру үшiн мемлекеттiк органдарды алаңдармен қамтамасыз ету Нормаларына сәйкес болуы тиiс.

Мемлекеттiк мүлiктi сату Үкiметтiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекiтiлген жекешелендiру нысандарын сату Ережелерiне сәйкес iске асырылады. Жекешелендiру туралы шешiмдi қабылдау кезiнде ескеретiн жайт, жекешелендiру нысандарын бағалау және сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жариялау бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу шартын жасау үшiн бюджеттен қаржы бөлiнуi қажет.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқаратын коммуналдық мүлкiн сату кезiнде сатушы ауылдық округ әкiмiнiң аппараты болып табылады. Мемлекеттiк мүлiктi сату да мемлекеттiк мүлiк Тiзiлiмiнде электрондық үлгiде iске асырылады.

Осылайша, мүлiктi жалға беру кезiнде, сенiмдi басқару немесе жекешелендiру ақпараты мiндеттi түрде мемлекеттiк мүлiк Тiзiлiмiне орналасуы тиiс. www.gosreestr.kz.

Қорытындылай келе, жергiлiктi өзiн-өзi басқаратын коммуналдық мүлiктi құру және басқарудың жалпы тәртiбi аудандардың коммуналдық мүлкi аналогы бойынша iске асырылады, ал басқарудың негiзгi принциптерi мемлекеттiк мүлiктi жариялы, заңды түрде, қоғамның игiлiгi үшiн тиiмдi пайдалану болып табылады.

«Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу
және коммуналдық меншiк басқармасы» ММ

Мақаланың шыққан күні: 12.12.2018 16:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.12.2018 16:00
Қаралым саны: 495

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 114Б

8 (7162) 25-74-45

ugzk@akmo.kz