A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Үәкілетті этика жөніндегі рөлі мен қызметін туралы 2017 жыл 21 желтоқсан - apgazeta.kz

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп нормалары мен мiнез-құлық қағидаларын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығымен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы қағидалары) және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекiтiлдi және қолданысқа енгiзiлдi.

Этикалық кодекстiң талаптары лауазым деңгейiне және жұмыс өтiлiне қарамастан барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады. Кодекс мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет барысында туындауы мүмкiн әртүрлi жағдайларды ескере отырып, мiнез-құлық стандарттарын регламенттейдi. Айналасындағылармен өзара қарым-қатынастар мүдделер қақтығысы туындаған кезде мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлқы жүйелендiрiлген.

Әдеп кодексi нормаларын жүзеге асыру үшiн Әдеп жөнiндегi уәкiл тиiмдi көмек көрсетедi, оның қызметi Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже реттелген. Аталған Ережеге сәйкес Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң рөлi мен қызметi мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлық нормаларын сақтауды қамтамасыз етуге, мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн арттыруға, ұжымда және қоғамда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға бағытталған. Мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтар мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Әдеп жөнiндегi уәкiлге консультация алу үшiн, этикалық сипаттағы жағдайларды шешу үшiн жүгiне алады.

Осылайша, Әдеп жөнiндегi уәкiл өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қызметшiлерге мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және Әдеп кодексi саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелерi бойынша консультациялық көмек көрсетедi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда оларды қорғауға және қалпына келтiруге бағытталған шаралар қолданады.

Ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық климат, әрiптестерiнiң арасындағы мейiрбандық қарым-қатынас әрбiр мемлекеттiк қызметшiнiң жұмысына оң әсер ететiнi құпия емес, нәтижесiнде мемлекеттiк орган қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттырады. Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйiне және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк этика нормаларын сақтауына мониторинг жүргiзу мақсатында анонимдi сауалнама жүргiзiледi.

Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметi азаматтарға кеңес беру, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау болып табылады.

Мiнез-құлық стандарттары жаңа сапалы деңгейге көтерiлетiндiгiн, мемлекеттiк қызметшiлерден жоғары жауапкершiлiктi және өзiн-өзi бақылауды талап ететiнiн атап өту қажет, бұл жалпы мемлекеттiк қызметтiң имиджiне оң әсер етедi.

Венера Қазжанова
Әдеп жөнiндегi уәкiл,
Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу
және коммуналдық меншiк
басқармасы
басшының орынбасары

Мақаланың шыққан күні: 05.01.2018 17:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.09.2019 10:29
Қаралым саны: 2379

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 114Б

8 (7162) 25-74-45

ugzk@aqmola.gov.kz