A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы - 27 наурыз 2018 жыл - apgazeta.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 739 бұйрығымен 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерiстер енгiзiлдi.

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендiк реттеу туралы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiне байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарда «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да өзгерiстер енгiзiлдi.

Осылайша, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 21-тармағы жаңа редакцияда баяндалған: «Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығы мен акциздердi төлеудiң шарттары болуға тиiс»

Бұл норманың ескi нұсқасында Кеден одағының кеден заңнамасына сiлтеме болды, ол қазiр Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден заңнамасының сiлтемесiне ауыстырылды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң 11.12.2016 ж. №648 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидасына көптеген өзгерiстер енгiзiлдi. Бұл өзгерiстер қолданыстағы нормативтердi түсiндiредi және толықтырады, және сонымен қоса елеулi өзгерiстер де бар.

Жоспарлау бөлiгiне қосымшалар енгiзiлдi. Ереженiң 13-тармағына сәйкес, «Тапсырыс берушiлер Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айына бiр реттен асырмай мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзедi.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң талабы мынадай:

1) мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған;

2) бақылау iс-шараларының нәтижелерi бойынша, оның iшiнде камералдық бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi бюджеттi нақтылау (түзетiлген) кезiнде мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды.».

Бұл дегенiмiз, тапсырыс берушiге (мемлекеттiк мекемелерден басқа) жоспарға айына бiр реттен артық өзгерiстер енгiзуге болады. Тек камералдық бақылау арқылы тексерiлгеннен кейiн және жылдық бюджеттi өзгерту кезiнде ғана барлық тапсырыс берушiлерге (барлығы бойынша) жоспарға бiр реттен көп өзгерiс енгiзуге болады.

Баға ұсыныстарын сұрату әдiсi арқылы сатып алуда өзгерiстер бар. Техникалық ерекшелiктердi әзiрлеу кезiнде тапсырыс берушiлер Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын көрсететiн техникалық ерекшелiктi жасай алады (егер ол бар болса). Ескi нұсқада техникалық ерекшелiктерде үкiметтiк емес стандарттарды да көрсету қарастырылған.

Конкурсты ұйымдастыру мен өткiзуге елеулi өзгерiстер енгiзiлдi.

Қағиданың 60-тармағында конкурс комиссиясының төрағасы анықтамасының тұжырымдамасы анықталды. Түзетулерге сәйкес, Қағидада көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысынан төмен емес лауазымды тұлға немесе оның мiндеттерiн атқаратын тұлғалар болып табылады.

Әлеуеттi жеткiзушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес Қағиданың 85-1-тармағы жаңа редакцияда баяндалған: «Тапсырыс берушiге шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкте көрсетiледi.

Құрылыс жұмыстары (жаңа құрылыс, бар объектiлердi кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделi жөндеу) бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, техникалық-экономикалық негiздеме, жобалау-сметалық құжаттама және қала құрылысы жобаларын әзiрлеу кезiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң материалдық және еңбек ресурстарының болуын растайтын құжат Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi рұқсат (лицензия) болып табылады.».

Осылайша, құрылыс жұмыстарына арналған конкурс өткiзу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негiздеменi, жобалық-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзiрлеуге арналған конкурстар өткiзу кезiнде әлеуеттi жеткiзушiлер белгiлi бiр материалдық және еңбек ресурстары бар бiлiктiлiгiн растауға мiндеттi емес. Осы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк тиiстi лицензияның болуы арқылы расталады.

Өзгертулер шартты жеңiлдiктердi тағайындау тұрғысында да болды. Қағиданың 156-тармағында ұсынылған тауарлардың мемлекеттiк емес стандарттарға сәйкестiгiн ерiктi түрде растау туралы құжаттың болуы үшiн шартты жеңiлдiктi тағайындау шарты жоқ. Ендi, егер әлеуеттi өнiм берушiде ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына ерiктi түрде сәйкестiгiн растайтын, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес берiлген құжат болған кезде, конкурстық комиссия екi пайыз (2 %) мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.

Бiлiктiлiк талаптары ретiнде жұмыс тәжiрибесiн құру критерийлерiнiң өзгеруi елеулi өзгерiстер болып табылады. Қағиданың 442-тармағы әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптары ретiнде конкурстық (аукциондық) құжаттамада сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң болуын белгiлеу критерийлерi өзгертiлдi.

Егер конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға бөлiнген қаржы 50 000 АЕК (тиiстi қаржы жылына белгiленген елу мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш) мөлшерiнен асатын болса, екi жылға дейiн. Егер конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға бөлiнген қаржы 200 000 АЕК (тиiстi қаржы жылына белгiленген екi жүз мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш) мөлшерiнен асатын болса, бес жылға дейiн белгiленуi мүмкiн. Ескi нұсқасында тиiсiнше 100 000 және 250 000 АЕК болды.

Ағымдағы жөндеуге арналған конкурс барысында демпингтi анықтаудың жаңа нормасы енгiзiлдi. Қағида 174-1-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес әлеуеттi өнiм берушiнiң ағымдағы жөндеу жөнiндегi жұмыстар мен құрылыспен байланысты емес жұмыстарға конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм бағасы конкурсқа бөлiнген бағадан қырық пайыздан аса төмен болған жағдайда демпингтiк болып тынылады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстарды мемлекеттiк сатып алу барысында елеулi өзгерiстер орын алды.

Қағиданың 233, 234, 237 және 240-тармақтары әлеуеттi өнiм берушiлердi мемлекеттiк әлеуметтiк келiсiмшарттарды сатып алу бойынша конкурсқа жiберуге қойылатын талаптарды түсiндiредi.

Осылайша, Қағиданың 233-тармағымен әлеуеттi жеткiзушiлер ұсынған техникалық ерекшелiктердi бағалау критерийлерiн өзгерттi:

1) әлеуеттi өнiм берушiмен ұсынылған жобаның тапсырыс берушiнiң техникалық ерекшелiгiндегi талаптарына сәйкестiгi;

2) әлеуеттi өнiм берушiнiң қызмет мақсатының Тапсырыс берушi сатып алатын көрсетiлетiн қызметтерге сәйкестiгi (құрылтай құжаттарына сәйкес);

3) Егжей-тегжейлi iс-шаралар жоспарының Тапсырыс берушi қойған мақсаттарға қол жеткiзуге сәйкестiгi (iс-шаралар атауы және нысаны, өткiзу орны мен мерзiмi);

4) әлеуеттi өнiм берушiнiң "Үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәлiметтерi;

5) әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;

6) жобаны iске асыру тиiмдi қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы.

Әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық өтiнiмдерi Қағиданың 233-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген критерийлерге сәйкес 1 ұпайдан кем болған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушiлер, ұпай жинаған жалпы санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.

Қағиданың 237-тармағы конкурсқа қатысу критерийiн төмендеттi: техникалық ерекшелiгiнiң қорытынды бағасы 8 баллдан (ескi нұсқада — 11 балл ) төмен әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.

Қағиданың 240-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер үшiн шартты жеңiлдiктер төмендетiледi:

«1) егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық ерекшелiгiнiң қорытынды бағасы 10 баллдан 15 баллды қоса есептегенде құраса, әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысы 10%-ға шартты азайтылады;

2) егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық ерекшелiгiнiң қорытынды бағасы 16-дан 20-ға дейiнгi баллды құраса, әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты азайтылады;

3) егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық ерекшелiгiнiң қорытынды бағасы 20 баллдан жоғары болса, әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты азайтылады».

Бiрыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуда өзгерiстер енгiзiлдi. Атап айтқанда, сараптама комиссиясын құру туралы шешiм қабылдайтын тұлға өзгердi. Сонымен, Қағиданың 274-тармағына сәйкес жаңа редакцияда, ондай тұлға болып тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға болып табылады. Ескiрген нұсқада мұндай өкiлеттiктердiң бiрiншi басшысы немесе ұйымдастырушы, атқарушы хатшы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн орындайтын басқа лауазымды тұлға ауыстыратын тұлға болған.

Келiсiмшарттың мерзiмiне де қатысты өзгерiстер бар.

Ереженiң 391-тармағында екiншi орынды иемденген өнiм беоушiнiң келiсiмшартқа қол қою шарттары туралы норма анықталып, мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылды: «Егер демпингтiк баға қолданылатын жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша жеңiмпаз деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi Заңда және осы Қағидаларда белгiленген мерзiмде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгiзбесе, тапсырыс берушi жеңiмпаздың шарт жасасудан жалтарған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушiге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жiбередi. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушi өзiне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.».

Басқаша айтқанда, демпингтi ескере отырып, баға белгiленетiн конкурстарда шартқа қол қою шарттары келесiдей анықталады: егер шартқа қол қойылғаннан кейiн конкурс жеңiмпазы 10 жұмыс күнi iшiнде келiсiмнiң орындалуына және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес сомаға (ол бар болса) кепiлдiк бермеген болса, өнiм берушi келiсiмшарт жасасудан жалтарған деп есептеледi, келiсiмшартқа қол қойылмаған болып саналады, ал ұйымдастырушы келiсiмшарт жобасын екiншi орын алған өнiм берушiге жiбередi.

Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша «Бiлiктiлiк туралы ақпарат» өңделдi.

5-қосымшаның 3-тармағы мынадай өзерiспен жазылды: «Әлеуеттi өнiм берушi конкурстық құжаттамада көзделген жұмыстарды орындау үшiн қажет растайтыны құжаттардың электрондық көшiрмелерiн қоса бере отырып, материалдық ресурстардың бар екенi туралы мәлiметтердi көрсетедi».

5-қосымшаның 5-тармағы енгiзiлдi: «Мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйесiнде олар туралы мәлiмет болмаған жағдайда, рұқсаттың (лицензия) электрондық көшiрмелерiн қоса бере отырып, рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген рұқсаттың (лицензия) бар екенi туралы мәлiметтер».

«Бiлiктiлiк туралы ақпарат» бөлiмiнде көрсетiлген 6-қосымшадағы қызметтерге тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

«Әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған техникалық сипаттамаларды бағалау критерийлерi» конкурстық құжаттаманың 12-қосымшасы өзгертiлдi.

19, 20, 21-қосымшаларда анықталды, егер тапсырыс берушi келiсiмшартта көзделген шарттарда өзiне тиесiлi қаражатты өнiм берушiге төлемесе, тапсырыс берушi кешiктiрiлген төлемдер үшiн кешiктiрiлген әрбiр күн үшiн төленетiн соманың 0,1% мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Бұл төлемдер тиiстi бюджеттердiң ақшасын есепке алу шотындағы ақша қаражатының жетiспеушiлiгi және (немесе) жеткiлiксiздiгi жағдайларын қоспағанда, әрдайым жасалады (және — жаңа редакцияда — мемлекеттiк кәсiпорынның есепшоты бойынша мемлекеттiң тиесiлi дауыс беретiн акцияларының елу және одан да көп процентi бар заңды тұлға).

Электрондық актiлердiң мерзiмiне қатысты 22-1, 22-2 және 22-3 қосымшаларына өзгерiстер енгiзiлдi. Өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн электронды актiнi жасау күнi өнiм берушiнiң куәлiктi дайындаудың белгiленген күнi болып табылды, қазiргi уақытта тапсырыс берушi актiге қол қою күнi мен уақыты бекiтiлген.

Н. Бекенов
Ақмола облысының
мемлекеттiк сатып алу
және коммуналдық меншiк
басқармасының басшысы

Мақалада «МЦФЭР-Казахстан» электронды порталынан алынған ақпараттық материалдар қолданылды

Мақаланың шыққан күні: 28.03.2018 16:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.04.2018 10:33
Қаралым саны: 327

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтпаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz