A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау турал

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18120 болып тiркелдi

РҚАО-ның ескертпесi!

Осы бұйрық 01.03.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi.

"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды республикалық маңызы бар бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды облыстық, республикалық маңызы бар және астана бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды аудандық және облыстық маңызы бар қалалар бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

2. "Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi бiрыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 16127 болып тiркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оны қазақ және орыс тiлдерiнде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау туралы мәлiметтердiң ұсынылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануы тиiс.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi                                                                                                                                                                       Ә.Смайылов 

Жүктеу (DOCX 19 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 01.03.2019 15:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.03.2019 15:51
Қаралым саны: 583

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 114Б

8 (7162) 25-74-45

ugzk@akmo.kz