A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының 2018 жылғы 6 айы бойынша мемлекеттік сатып алулар саласындағы қызметі туралы есеп

Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасымен Ақмола облысының мемлекеттiк секторының ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығы бойынша 1-ГЗ нысаны есебiнiң талдауы жүргiзiлдi мемлекеттiк тауарларды сатып алуды және жұмыстар мен қызмет үшiн ағымдағы жылдың 6 айына бюджеттен 84,8 млрд. теңге сомасында бөлiндi. Жалпы сатып алу көлемi 79,8, млрд. теңгенi немесе 94,1% құрады.

62 264 сатып алу жүргiзiлдi, оның iшiнде:

1) бiр көзден алу тәсiлiмен — 49 874 құрады, оның iшiнде:

- конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткiзiлмедi деп танылған — 884,

- баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткiзiлмедi деп танылған -3 690;

- шартты тiкелей жасасу арқылы бiр көзден алу тәсiлiмен — 45 300;

2) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен — 11 658, оның iшiнде 1 сатып алу шетелдiк өнiм берушiден («Көкшетау Жылу» ШҚҚ МКҚ ресейлiк компаниядан жалпы сомасы 987 мың теңгеге қосалқы бөлшектер сатып алған);

3) конкурс тәсiлiмен — 613;

4) тауар биржалары арқылы — 89;

5) аукцион тәсiлiмен — 29;

6) тұрғын үйдi сатып алу — 1 («Есiл ауданының құрылыс бөлiмi» ММ).

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынған мәлiметтерге сәйкес ағымдағы жылдың 6 айында Ақмола облысының мемлекеттiк секторын сатып алуда 35 097 өнiм берушiлер жеңiмпаз атанды, оның iшiнде 1 шетелдiк өнiм берушi. Сатып алуға бөлiнген қаражаттан (84,8 млрд. теңге) мемлекеттiк сатып алулардың қорытындысы бойынша шартты үнемi 4,9 млрд. теңге немесе 5,8% құрады.

Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiнде көзделген мемлекеттiк сатып алудың веб-порталында ықпалдастырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер және оларды өнiм берушiлердiң мәлiметтер базасына енгiзiлген 2018 жыл үшiн отандық тауарөндiрушiлерден сатып алу көлемi туралы ақпаратына сәйкес: орындалған келiсiмшарттардың сомасы 27,5 млрд. теңге, олардың iшiнде жергiлiктi қамтү үлесi 3,3 млрд. теңге немесе 12% құрады, соның iшiнде:

- тауарлар 7,3 млрд. теңге, олардың iшiнде жергiлiктi қамтү үлесi 1,0 млрд. теңге немесе 13,6%;

- жұмыстар 6,3 млрд. теңге, олардың iшiнде жергiлiктi қамтү үлесi 0,9 млрд. теңге немесе 14,3%;

- қызметтер 13,8 млрд. теңге, олардың iшiнде жергiлiктi қамтү үлесi 1,4 млрд. теңге немесе 10,1%.

Мақаланың шыққан күні: 16.07.2018 11:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.07.2018 15:31
Қаралым саны: 1020

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz