A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
2018 жылғы 20 қаңтардағы №8 Акмолинская правда газетінде 2018 ж. жолдауына пікірі

Жаңа 2018 жылдың басы қазақстандықтар үшiн— Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың "Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi" Жолдауы» маңызды оқиға.

Өз халқына арнаған сөзiнде Мемлекет басшысы бүгiнде адамзат жаңа өнеркәсiптiк революция дәуiрiне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтiк өзгерiстер дәуiрiне кiретiнiн атап өттi. Президент әлем заманауи технологиялардың арқасында қарқынды өзгеретiнiн, өсу мен дамудың жаңа мүмкiндiктерi пайда болатынын және бiз өзiмiздiң басты мақсатымызға қол жеткiзу үшiн тарихи мүмкiндiктi пайдалануымыз керек, бұл әлемнiң ең дамыған отыз елiнiң қатарына кiрудi белгiледi.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2018 жылы ел дамуының 10 басым бағытын белгiледi.

Осындай басты мiндеттердiң бiрi тиiмдi мемлекеттiк басқару болып табылады.

Жолдауда жекешелендiру жоспарын жүзеге асыруды жеделдету, оны мемлекеттiк органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының санын қысқарту есебiнен кеңейту туралы тапсырма берiлдi. Нақты қажеттi ведомстволық бағынысты ұйымдарды мүмкiндiгiнше әкiмшiлiк шығыстарды төмендету үшiн шоғырландыру керек.

Мәселен, экономикадағы мемлекеттiң үлесiн азайту мақсатында Қазақстан Үкiметi өз қаулысымен жекешелендiрудiң 2016-2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын және оны iске асырудың мақсатты индикаторларын бекiттi. Жекешелендiру жоспарын орындау мақсатында Ақмола облысының әкiмi 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелестiк ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншiк ұйымдарының тiзбесi бекiтiлдi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiн кезең-кезеңмен енгiзу басталды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық маңызы бар қалаларда, халық саны 2 мыңнан астам ауылдарда және ауылдық округтерде жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiн енгiзу заң жүзiнде көзделген және 2020 жылдан бастап бұл норма барлық елдi мекендерде қолданылатын болады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiн басқару бойынша өкiлеттiктер берiлдi, бұл олардың қаржылық дербестiгiн қамтамасыз етедi және оларға жауапкершiлiк жүктейдi. Мұндай түбегейлi шараларды қабылдау халықты жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге әкеледi, азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастыру процесiне қатысу мүмкiндiктерiн кеңейтедi.

Айта кету керек, Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзiнiң Жолдауында 10 нақты мiндет қойып қана қоймай, оларды шешу жолдарын да атап өттi. Ел дамуының басым бағыттарын iске асыру үшiн жағдайлар уақыт талабына сәйкес келедi, бұл басты мақсатқа — жаңа әлем көшбасшыларының қатарына кiруге мүмкiндiк бередi

Н. Бекенов
Ақмола облысының
мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық
меншiк басқармасының басшысы

Мақаланың шыққан күні: 25.01.2018 12:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.09.2019 10:26
Қаралым саны: 2490

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 114Б

8 (7162) 25-74-45

ugzk@aqmola.gov.kz