A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Ашық үкімет

 

Есеп беруге мiндеттi мемлекеттi қалыптастыру жөнiндегi бес институттық реформаны iске асыру, оның iшiнде 94 және 96-қадамды орындау шеңберiнде электрондық үкiмет веб-порталы «Ашық Үкiмет» модулi арқылы жүзеге асырылуда.

Ашық үкiметтiң мақсаты айқын есеп беруге мiндеттi мемлекеттi құру, мемлекеттiк басқаруды азаматтардың құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, сыбайлас жемқорлықпен күрестi күшейту, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудағы тиiмдiлiктi арттыру үшiн жаңа технологияларды пайдалану.

Берiлген модуль 5 құрауыштардан тұрады: «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджеттер», «Ашық диалог» және «Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау».

Ашық деректер — бұл алаңда мемлекеттiк органдардың және машинамен оқылатын түрде ақпараттың басқа да иелерiнiң жалпыға қолжетiмдi деректерi орналасады.

Ашық НҚА — бұл әзiрленетiн заңжобаларын, мемлекеттiк қызметтер стандарттарының жобаларын және рұқсат беру құжаттарын талқылауға арналған бiрыңғай алаң. Әрбiр азамат өз пiкiрiн айта алады және НҚА әзiрлеуге қатыса алады. Ашық НҚА-лар әрбiр азаматтың заңжобасымен ол мемлекеттiк органға және жоғары тұрған орындарға келiсуге барғанға дейiн танысуына мүмкiндiк бередi.

Ашық бюджеттер — бiрiншi кезекте мемлекетте «бюджет» ұғымы туралы азаматтардың түсiнiгiн жеңiлдету үшiн және бюджеттiк қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау арқылы белсендi азаматтық позициясын дамытуға жәрдемдесу үшiн құрылған портал.

Ашық диалог — бұл МО мен қоғам арасындағы тиiмдi керi байланысты орнатуға арналған алаң.

Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау — бұл азаматтар мен үкiметтiң арасындағы өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған құрауыш. Мұнда мемлекеттiк органдар қызметiгiнiң тиiмдiлiгi туралы және аумақтардың стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларының мақсатты индикаторларының жетiстiгi туралы есептер жарияланады, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың қызметiне жариялық талқылау жүргiзiледi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2018 11:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2018 11:19
Қаралым саны: 584

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz