A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Ереже

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы ___________
№_______ қаулысымен
бекiтiлдi

«Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және
коммуналдық меншiк басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» (бұдан әрi — Басқарма) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу, облыстық коммуналдық мүлiктi басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесi, 1А.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтайшылық құжаты болып табылады.

11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру республикалық және облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Ақмола облысы қаржы басқармасының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Басқарманың миссиясы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi тиiстi және облыс коммуналдық мүлiктi басқару саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

14. Мiндеттерi:

1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi тиiстi облыстың әкiмдiгi айқындайтын бюджеттiк бағдарламалар;

2) облыстық коммуналдық мүлiктi басқару.

15. Функциялары:

1) мемлекеттiк сатып алу саласындағы функциялар:

облыс әкiмi белгiлейтiн бюджеттiк бағдарламалар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу, сонымен қатар бiрыңғай оператор функциясын жүзеге асыру;

конкурстық құжаттардың ережелерiн түсiндiру;

тапсырыс берушiге мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу және (немесе) конкурстық техникалық ерекшелiктер немесе келiсiмнiң жобасына аукциондық құжаттар алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғалар тарапынан түскен ұсыныстар мен ескертулердi жолдау;

мемлекеттiк сатып алу мониторингiн жүргiзу және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында уәкiлеттi орган ретiндегi облыстың мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорынары бойынша құрастырылатын есептердi жинақтау;

мемлекеттiк сатып алу саласында түсiнiктеме беру жұмыстарын жүргiзу;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру;

2) облыстық коммуналдық мүлiктi басқару және жекешелендiру саласындағы функциялар:

өз құзiретi шегiнде облыстық коммуналдық мүлiктi басқару саласында нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;

өз құзiретi шегiнде облыстық коммуналдық мүлiктi басқару, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

аудандық коммуналдық мүлiктi басқару саласында өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының жұмысын үйлестiредi;

«Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлiк құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету бойынша iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу;

өз құзiретi шегiнде облыстық мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген негiзгi қаражатты қабылдау-тапсыру және шығару мәселелерiн мақұлдау;

облыстық коммуналдық мемлекеттiк заңды тұлғалардың мүлкiн есепке алуын ұйымдастыру;

облыстық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша саудалар өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспасөз басылымын анықтауға қатысты «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткiзу;

облыстық коммуналдық меншiктi жекешелендiрудi iске асыру, соның iшiнде жекешелендiру үрдiсiн ұйымдастыру үшiн делдалды тарту, жекешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарттарын жасауды және әзiрлеу мен сатып алу-сату шарттарының сақталуын бақылауды iске асыру.

облыстық коммуналдық мүлiктi мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға мүлiктiк жалдауға (жалға алу) беру (мемлекеттiк тұрғын үй қорының объектiлерiнен басқа);

мемлекеттiк заңды тұлғаларға өтеусiз пайдалануға облыстық коммуналдық мүлiктi ұсыну;

тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде әдiлет органдарына ұсыну үшiн тиiстi заңды тұлғалардың тұрғылықты жерi туралы үлестiк қатысуымен акционерлiк қоғамдарға және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге, облыстық мемлекеттiк заңды тұлғаларға анықтамалар беру;

жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың мүддесiне Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге өкiлеттiктердi iске асыру;

16. Басқарманың құқықтары мен мiндеттерi:

1) коммуналдық мүлiктi басқару мәселелерi бойынша мемлекеттiк заңды тұлғалардан ақпарат сұрау;

2) сатып алушылармен коммуналдық меншiк обьектiлерiн сатып алу-сату шарттарына сәйкес мiндеттемелердiң, сонымен қатар басқа да шарттық мiндеттемелердiң орындалуына бақылау жүргiзу мақсатында облыстық коммуналдық мүлiк сатып алушыларынан ақпарат сұрату;

3) осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен қарастырылған құқықтарды iске асыру үшiн мүдделi органдармен келiсiм бойынша ведомствоаралық комиссиялар құру;

4) мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен фнкцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұрату және алу;

5) Ақмола облысы аумағында мемлекеттiк сатып алу саласындағы мәселелердi шешудiң негiзгi бағыттары бойынша облыс әкiмдiгi мен әкiмiне ұсыныстар енгiзу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. Басқармаға басшылық етудi жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

18. Басқарманың басшысы облыс әкiмiнiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметiнен босатылады.

19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының аңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Басшының өкiлеттiгi:

1) өз орынбасарлары мен Басқарма бөлiмдерi басшыларының мiндеттерi мен құзыреттерiн белгiлейдi;

2) заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамамен белгiленген тәртiпте Басқарма қызметкерлерiне тәртiптiк жазалау шараларын қолданады;

4) өз құзыретi шеңберiнде бұйрықтар қабылдайды;

5) Басқарма бөлiмдерiнiң ережелерiн бекiтедi;

6) қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдарда Басқармасының атынан ұсынады;

7) өз құзыретi шеңберiнде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргiзу бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етедi және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жеке жауап бередi;

8) заңнамаға сәйкес өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.

21. Басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4.Мемлекеттiк органның мүлкi

22. Басқарманың заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. Басқармаға бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 14:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.01.2018 12:24
Қаралым саны: 586

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтпаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz