A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Мемлекеттік қызметтің оң имиджі - «Көкшетау» газеті бүгінгі № 47 (184) 2017 жыл 14 желтоқсан

Қазiргi қоғамдағы мемлекеттiк қызметтiң рөлi үлкен және маңызды, және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасында президенттiк реформалардың бесеуiнiң бiрi — заманауи мемлекеттiк аппараттың құрылуы көрсетiлген.

Кәсiби мемлекеттiк аппаратты қалыптастыру бойынша реформаны жүзеге асыру үшiн 15 нақты қадам жасалды, оның iшiнде мемлекеттiк қызметке кiру тәртiбiн жетiлдiру. Қызметкерлердi iрiктеу ең төменгi лауазымнан басталуы керек. Қосымша лауазымдарға үмiткерлердi таңдау және олардың мансаптық жоғарылауы құзыреттiлiкке негiзделген тәсiлге негiзделуi керек. Қадамдардың бiрi — Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң рөлiн күшейту арқылы мемлекеттiк қызметке алғаш кiру үшiн iрiктеу процесiн орталықтандыру; үш сатылы iрiктеу жүйесiн енгiзу. Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кiргенде мiндеттi сынақ мерзiмi белгiленедi, бұл мемлекеттiк қызметке қойылатын талаптардың сақталуын бақылауға мүмкiндiк бередi.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен бiлiктiлiгi мемлекеттiк қызметтiң жағымды имиджi үшiн негiз болып табылады. Мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен бiлiктiлiгiн арттыру үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң мансабын жоғарылату үшiн конкурстық iрiктеуге көшу сияқты қадам жасалды; «Б» корпусын төменгi лауазымдардағы мемлекеттiк қызметшiлердiң бәсекелестiгi арқылы жоғары лауазымдарға көтеру арқылы меритократия қағидатын нығайту. Осыған байланысты, мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгiн арттыру шараларының бiрi әр мемлекеттiк қызметшiнiң қызметiн жеке даму жоспарлары негiзiнде бағалау болып табылады. Қызмет нәтижелерiн бағалау нәтижелерi персоналдың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша кешендi шараларды, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiмдi жұмысын ынталандыруды, мансаптық жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбекақы төлеу мөлшерiн қызмет нәтижелерiне байланысты арттыру және оның нәтижелерi бойынша сыйақы төлеуге көшу маңызды мәселе болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтiң кәсiбилiгiн арттыру үшiн жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық және материалдық емес ынталандыру, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыру маңызды болып табылады.

Дұрыс кадр саясатын жүргiзу және мемлекеттiк қызмет персоналын басқару жүйесiн жетiлдiру мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен құзыреттiлiгiн арттыруды, кәсiби мемлекеттiк аппарат құруды қамтамасыз етедi.

Венера Казжанова
Әдеп жөнiндегi уәкiл,
Ақмола облысы мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық
меншiк басқарма басшысының орынбасары

Мақаланың шыққан күні: 05.01.2018 17:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.09.2019 10:30
Қаралым саны: 2379

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 114Б

8 (7162) 25-74-45

ugzk@akmo.kz