A- A A+
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Ақмола облысы ТЖД «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістерді енгізуіне арналған кездесу өтті

Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алулар және коммуналдық меншiк басқармасының бас маманы С.И. Грушевицкий мен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментi бастығының орынбасары подполковник К.К. Доспаев басқарған Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментiнде «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» тақырыбына жеке құрамның қатысуымен кездесу өттi.

Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға жаңа енгiзулер және оларды жүргiзу барысында пайда болатын өзектi мәселелер талқыланды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына елеулi өзгерiстер енгiзiлдi. Кейбiр бөлiктерде өзгерiстер түбегейлi маңызды емес — тек қолданыстағы нормативтердi түсiндiредi және толықтырады. Онымен қатар елеулi өзгерiстер де бар. Олар мемлекеттiк сатып алу саласындағы жоспарлау, баға ұсыныстарын сұрату, конкурс ұйымдастыру және өткiзу, демпинг, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстарды мемлекеттiк сатып алу, бiрыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алу, шарттарды жасау мерзiмдерi сияқты бағыттарға қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған тақырып бойынша пiкiр алмасылды. Осындай кездесулердi ұйымдастырудың өнiмдi нәтижесi атап өтiлдi, келешекте ұқсас iс-шараларды өткiзу туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 16.02.2018 17:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2018 09:10
Қаралым саны: 1171

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мекенжайы:

Телефоны:

Электрондық пошта адресі:

Заңды мекенжайы: Көкшетау қ., Қаныш Сәтбаев к-сі, 1а

Нақты Мекенжайы: Көкшетау қ., 8 Март к-сі, 60а

8 (7162) 25-66-91

ugzk@akmo.kz